Сабыр Адайдың шығармашылық кеші "Алтынзер".

Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры киелі сахнасында 2017 жылдың 17 мамырында Президент сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, есімі шетел асып жүрген ақын Сабыр Шеркешбайұлы Адайдың шығармашылық кеші өткізілді. Кеш ІІ-бөлімнен құралды:

І БӨЛІМ. Ақын Сабыр Адайдың «Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті» атты туындысының желісі бойынша «Үрей дерті» сахналанған қойылым.

«Үрей дерті» Сабыр Адайдың «Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті» туындысының желісіне сүйене отырып, шығармашылық ұжымның импровизациясымен жасалған қойылым. Бұл метафора заңдылығын пайдалана отырып, адамзатты өз алдына бес типке бөліп қарастырылған тың дүние. Адам атаулыны қарақұрт, жылан, саз, қасқырлар мен сауысқан табиғатымен салыстыра сахналанған қойылым Табиғат пен Адам арасындағы үйлесімділіктің құрдымға кетіп бара жатқанының көрінісі.
Аталмыш спектакльдің режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева. Қоюшы суретшісі ҚР мәдениет қайраткері Гүлнар Канафина. Қойылым театрдың бүкіл әртістерінің қатысуымен өтетін дүние.

ІІ БӨЛІМ.  Ақынның шығармашылығынан құралған «Алтынзер» атты шығармашылық кеш.

Кештің басты ерекшелігі ақынның шығармашылығына сай безендірілген сахнада Н.Жантөрин театры әртістерінің Сабыр Адайдың поэзияларын оқуына негізделді. Сабыр Адайдың өлеңдерінен алынған «Әр қазақ – менің жалғызым», «Қазақстан – жалғыз ұлы қазақтың» атты өлең жолдары Қазақ жерінде қанатты сөз тіркестеріне айналып кеткені талай жылдың көзі. Адамның рухын көтерер, санасын оятар, ішкі жанын біліммен сусындатар ақынның поэзия әлеміне негізделген кеш көпшілік қауымның айызын қандырған тың дүние болды.

Екі бөлімді шығармашылық кештің қадірменді қонағы ақын Сабыр Адай көрермен залына жайғасқан болатын.

Өз кезегінде «Үрей дерті» қойылымы театр репертуарына енгізіліп, театр қоржынының тағы бір спектакльмен баи түсуімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 7156



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>